ӘДЕБИ КЕШ ТІЛДЕР КҮНІНЕ АРНАЛДЫ

22 қыркүйек – Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күні. Атаулы күнге орай, Шалқар аудандық сотының ұйымдастыруымен «Тіл – халықтың айнасы» тақырыбында Шалқар аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінде әдеби кеш өткізілді.
Бұл іс-шараға соттың мамандары мен мәдениет бөлімінің қызметкерлері қатысты.
Жиынның басты мақсаты – тәуелсіз елімізде өмір сүріп жатқан түрлі ұлт өкілдері арасындағы достық пен бірлікті нығайту, мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асырудағы жетістіктерді паш ету.
Кешті соттың кеңсе меңгерушісі Н.Ерниязова ашып, шараның мән-маңызына тоқталып өтті.
Кеш барысында соттың бас мамандары А.Болысбай мен А.Бекмурзина Мұқағали Мақатаев, Мұзафар Әлімбаев, Александр Пушкин, Михаил Лермонтов сынды ақындардың қазақ және орыс тілінде шығармашылықтарын оқыды.
Шалқар аудандық мәдениет және тілдеріді дамыту бөлімінің қызметкерлері өз пікірлерін айтып соттың мамандарына әдеби кеш ұйымдастырғандарына ризашылықтарын білдірді.