Шалқар аудандық сотында семинар сабақ өткізілді

Шалқар аудандық сотында «Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы» 2018жылғы 10 қаңтардағы №131-VI заңымен қабылданған заңды талдау мақсатында семинар сабақ өткізілді.
Шараға сот төрағасы О.Бақтыгереев,судья С.Дәріқұлова, соттыңмамандары қатысты.
Баяндама жасаған бас маман А.Болысбай заңның негізгі ұғымдарына тоқталды.
Осы Заң қылмыстық құқық бұзушылықтардың жекелеген құрамдары бойынша жәбірленушілерге өтемақы төлеуді қамтамасыз етуге бағытталған құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдастырушылық негіздерді айқындалатындығынкөрсетті.
Сонымен қатар, осы заңның 10-бабының 2 –бөлігіне сәйкес сот айыптау үкiмiн шығарған кезде кінәлі адамдардан жәбірленушілерге өтемақы қорына Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 98-1 және 98-2-баптарының негізінде мәжбүрлі төлем өндіріп алынатындығынтүсінідіріп өтті.
Бұл Заң 2018 жылдың 1 шілдеден бастапқолданысқа енгізіледі.
Семинар қорытындысы бойынша аталған мәселелер бойынша қатысушылар пікір алмасып ұсынымдар берілді.