Жүргізуші куәлігін онлайн ауыстыру жеңілдетілді

Egov.kz электрондық порталы арқылы жүргізуші куәлігін алу механизмі жеңілдей түсті. Енді азаматтар жүргізуші куәлігін ауыстыру үшін онлайн өтінім жолдаған кезде екінші деңгейлі банк арқылы мемлекеттік бажды төлегені туралы чектің мәліметтерін енгізсе жеткілікті. Ол үшін қызметке онлайн тапсырыс берген кезде төлем қадамында «бұрын төленді» деген белгі қою керек. Кейін чек бойынша мына деректерді енгізу қажет: салық органы, банктің БСК, төлем күні, КБК, ТТК және төлем сомасы. Содан кейін табылған чекті таңдап және ЭЦҚ арқылы сұранымға қол қою қажет. Бұрын бұл қызметті портал арқылы алғанда, онлайн өтінім жіберген кезде ғана төлеу керек болатын. Еске сала кетейік, жүргізуші куәлігін онлайн алу қызметі биыл наурыз айында іске қосылды. Қызметті алу үшін қолданушы egov.kz арқылы өтінім толтырып, электрондық цифрлық қолтаңбасын қою керек. Өтінімге фотосурет және қолтаңбаның скан-көшірмесін тіркеу қажет. Кейін дайын хабарлама мен төлем чегі қағазға басып шығарылып, тұрғылықты жері бойынша мамандандырылған ХҚО-ға ұсынылады.
«Азаматтарға арналған үкімет»
мемлекеттік корпорациясы"
КЕ АҚ Ақтөбе облысы бойынша
Филиалының Баспасөз қызметі