Өңірдің өнеркәсіптік кәсіпорындарының тізбесі мен байланыс деректері. Өнеркәсіп жағдайы туралы ағымдағы ақпарат

2017 жылы өнім өндіру көлемі 14886,1 млн.теңге құрады, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 101,4 пайыз.
Тау-кен өнеркәсібінде жалпы өнеркәсіп өнімінің 75,4 пайызын құрайтын 11229,1 млн. теңгенің өнімі өндірілді, нақты көлем индексі 102,1%.
Өңдеу өнеркәсібінде 2865,1 млн. теңгенің өнімі өндірілді, нақты көлем индексі 100,0 %.
Үдемелі индустриялық инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асырудың алғашқы бесжылдығында аудан бойынша индустрияландыру картасы аясында 2010 жылы 1 жоба жүзеге асырылды. Құны 370,0 млн.теңге құрайтын, қуаттылығы жылына 400,0 мың текше метр қиыршық тас өндіретін «Мұғалжар Нефтестрой» ЖШС ашылды.