Ауыл шаруашылығы және ветеринария саласының жағдайы туралы ағымдағы ақпарат

Ауыл шаруашылығы саласында қазіргі таңда 1 өндірістік кооператив, 491 шаруа қожалығы тіркеліп тұр.
Жалпы өнім көлемі 11349,4 млн теңгеге жетті, нақты көлем индексі өткен жылдан 7,0 % жоғары.
Мал басы мүйізді ірі қарадан 36,2 мыңға (104,7 пайыз), қой-ешкіден 94,1 мыңға (102,2 пайыз), жылқыдан 23,1 мыңға (104,4 пайыз), түйеден 11,3 мыңға (101,4 пайыз), құстан 3,4 мыңға (104,0 пайыз) жетті.
Есепті мерзімде 9445,2 тн ет, 13001,7 тн сүт, 376,5 мың дана жұмыртқа өндіріліп, өткен жылмен салыстырғанда сәйкесінше 106,1; 103,8; 100,4 пайызды құрады.
Барлық шаруашылықтарда төл алу науқаны жүргізіліп, 15,2 мың бұзау, 51,8 мың қозы-лақ, 7,4 мың құлын, 2,0 мың бота кірістелді.
Ауыл шаруашылығы құрылымдары салаға 135,5 млн.теңге инвестиция тартты, өткен жылдан 10,8 % пайызға артық.
Мал басын көбейту мақсатындағы мемлекеттік бағдарламалар аясында биылғы жылға ауданға:
«Сыбаға» бағдарламасы бойынша 160 бас сиыр алуға тапсырма берілсе, барлығы 255 бас сиыр сатып алынып, тапсырма 159,3 пайызға орындалды. Атап айтқанда, Шетырғыз а/о қарасты«Қиюбек» ш/қ 50 бас, «Тілекбай» ш/қ 25 бас, Айшуақ а/о-нен жеке кәсіпкер «Ай- Саулет» 26 бас, Шалқар қаласына қарасты «Лайық» шаруа қожалығы 25 бас, ЖК «Мажит» 32 бас, Есет Көтібарұлы а/о қарасты «Берекет-2010» ш/қ 24 бас, Бозой а/о қарасты «Қараноғай» ш/қ 30 бас, Тоғыз а/о қарасты «Бекболат» ш/қ 24 бас, Шалқар а/о қарасты «Жалымбет» ш/қ 19 бас сиыр сатып алынды.
«Алтын асық» бағдарламасы бойынша 270 бас қой алуға тапсырма берілсе, барлығы 280 бас қой алынып, тапсырма 103,7 пайызға орындалды. Атап айтқанда, Шалқар қаласына қарасты «Сулыкөл» ш/қ 180 бас, «Жансерік» ш/қ 100 бас қой сатып алды.
«Құлан» бағдарламасы бойынша 40 бас жылқы алуға тапсырма берілсе, барлығы 104 бас жылқы алынып, тапсырма 260 пайызға орындалды. Атап айтқанда, Есет Көтібарұлы а/о қарасты «Мұрат» ш/қ 14 бас, «Сейнұр» ш/қ 13 бас, «Кішіқұм» а/о қарасты «Бедер» шаруа қожалығы 20 бас, Ақтоғай а/о қарасты ЖК «Сабирова А» 16 бас, Шалқар қаласына қарасты «Лайық» ш/қ 15 бас, ЖК «Отарова А» 16 бас, ЖК «Ералин Б» 10 бас жылқы сатып алынды.
Бұдан басқа ауданның ауыл шаруашылығы құрылымдары асыл тұқымды 342 бас МІҚ, 600 бас қой, 33 бас жылқы сатып алып, мал басын асылдандыру жұмыстарын жүргізуде.
Мал бордақылау алаңдарына 2180 бас бұқашықтар өткізуге тапсырма беріліп, мал бордақылау алаңдарына 2195 бас бұқашықтар тапсырылды. (100,7 пайыз)
2017 жылы барлығы 397 га жерге картоп, көкөніс, бақша дақылдары егілді. Бұл көрсеткіш өткен жылдан 52 га жерге артық.
Ауданда 13 ауылшаруашылық өндірістік кооперативтері жұмыс жасаса, оның 6-уы 2017 жылы құрылды.
Ағымдағы жылы Кішіқұм ауылдық округіне қарасты «Кішіқұм», Шалқар қаласына қарасты «Іңкәр» кооперативтері ет таситын рефрижатор көлігін лизингке алды. Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің мүшелері «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы «Адал-2017» АШК 34 адам 93,1 млн, «Бекзат-2017» АШК 1 адам 3,0 млн, «Іңкәр» АШК 7 адам 26,1 млн, «Құмқұдық» АШК 5 адам 20,0 млн, «Кішіқұм» АШК 2 адам 7,6 млн., «Естай-сүт» АШК 6 адам 23,6 млн, «Керуен» АШК 1 адам 2,0 млн, «Жарас ата» АШК 3 адам 12,0 млн, барлығы 59 адам 187,4 млн.теңге несие алып, мал сатып алды.
2017 жылы «Қазагроқаржы» АҚ арқылы «Бауыржан» ш/қ 7,9 млн.теңгеге 1 МТЗ тракторы мен 1 шөп тиегішті лизингке, «Елеукен» ш/қ 1,0 млн.теңгеге 1 шөп тиегіш, «Даурен» ш/қ 4,8 млн.теңгеге 1 шөп тиегіш және 1 шөп буғыш техниканы өз қаржысына сатып алды.
«Нұралы» шаруа қожалығы 400 басқа арналған мал бордақылау алаңы мен мал сою алаңы және ет өңдеу цехының құрылысын аяқтап,құрал-жабдықтар сатып алып орнатты.
Жеке кәсіпкер Н.Қазин өткен жылы «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында алған 5,0 млн.теңгеге Шалқар ауылдық округі аумағынан салынған көлемі 0,04 га болатын жылыжай кешенін ашып, 3 адам жұмыспен қамтылды.
М.Шманұлы ауылынан «Бауыржан» ш/қ құны 10,0 млн.теңгені құрайтын мал бордақылау алаңы мен құс фермасы құрылысын аяқтап, іске қосты. Қазіргі таңда мал бордақылау жұмыстары жүргізілуде.
Аудан бойынша 48,4 мың бас МІҚ, 137,6 мың бас ұсақ мал, 11,3 мың бас түйе, 95 бас жылқы бруцеллез ауруына тексеріліп, ауру анықталған 98 бас МІҚ, 8 бас түйе малдары мал сою пунктінде ветеринариялық талаптарға сай сойылды.
Мал басын бірдейлендіру бойынша 11118 бас МІҚ, 37361 бас қой, 6516 бас жылқы, 1619 бас түйе дерекқорға енгізілді.
Есепті кезеңде СДО «Талап» ЖШС мал сою пунктінде 1085 бас МІҚ, 415 бас жылқы, 200 бас түйе сойылып, зертханалық тексеруден өткен соң ішкі сауда объектілерінде сатылды.
Мал азығын дайындаудың екі айлығы бойынша қазіргі таңға 235,9 мың тонна шөп дайындалып, тапсырма 104,0 пайызға орындалды.
«Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында ветеринария саласының 1 маманына көтерме жәрдемақы берілді.