Инфрақұрылым деректері туралы ақпарат

2017 жылы Ұлттық қордан, республикалық және облыстық бюджеттен 2016 жылдан ауыспалы негізде жүргізіліп жатқан 4 жоба құрылысына, атап айтқанда, Шалқар қаласы даму аймағына электрмен қамту, сумен қамту, ішкі кварталдық және жеткізуші газ желісі құрылыстарына 574,1 млн.теңге қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстары толығымен аяқталып, объектілер пайдалануға қабылданды.
Сонымен қатар, Шалқар қаласынан жалдамалы-коммуналдық екіпәтерлік 5 үйдің, бірпәтерлік 1 үйдің және Қауылжыр ауылынан екіпәтерлік 1 үйдің құрылыстарына және сыртқы инженерлік желілеріне 87,1 млн.теңге қаржы бөлініп, тұрғын үйлер құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.
Шалқар қаласы көшелерін орташа жөндеуге 158,5 млн.теңге қаржы бөлініп, жұмыстар жүргізілді.
Байқадам ауылына су жүйесінің құрылысына 233,5 млн.теңге,
Аққайтым ауылына су жүйесінің құрылысына 203,7 млн.теңге,
Біршоғыр ауылында сумен жабдықтау желілерін қайта жарақтауға 334,9 млн.теңге,
Бегімбет ауылындағы кәріз желілерін қайта жарақтауға 268,8 млн.теңге,
Қаратоғай ауылына табиғи газ тартуға 67,7 млн.теңге,
Байқадам ауылына табиғи газ тартуға 208,5 млн.теңге,
Бозой ауылына жеткізуші ВЛ-6 электрмен қамту желілері құрылысын салуға 9,8 млн.теңге бөлініп тиісті жұмыстары аяқталды.