Азаматтар мен ұйымдардың өтініштерін шолулар

Азаматтар мен ұйымдардың өтініштерін шолулар (келіп түскен өтініштері және оларды қарау нәтижелері туралы кеңірек ақпарат)
2018 жылдың 9 айында «Шалқар аудандық әкімінің аппараты» ММ-не жеке және заңды тұлғалардан 345 өтініш келіп түсіп, өтініштерге уақытылы жауаптар берілді. Жыл басынан бері 121 адам аудан әкімінің жеке қабылдауында болған.
«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтарындағы Заңының 7 бабының 6 тармағына сәйкес 282 өтініш үш жұмыс күнінен кешіктірмей арыз берушілерге хабарлана отырып, тиісті субъектілерге жіберілді. 63 өтініш қаралып, 63 өтінішке түсінік берілді.
Барлық өтініштер Заңда көрсетілген мерзімде қаралып, өтініш иелеріне жауаптары жолданды. Өтініштердің жауаптары дер кезінде және сапалы қаралуы аудан әкімі аппараты басшысының жеке бақылауында.