"Дипломмен ауылға"

«Дипломмен – ауылға» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін барған жас мамандарға 2009 жылдан бастап көтерме жәрдемақы және 2010 жылдан бастап тұрғын үй сатып алу үшін бюджеттік кредит беру жобасы жүзеге асырылып келеді .Бұл жоба Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы » №183 қаулысына сәйкес жас мамандарға бір жолғы көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу үшін пайызсыз кредит беру қарастырылған. Осы қаулыға сәйкес 2009 жылы 18 мұғалім, 2 денсаулық сақтау, 1 мәдениет саласының мамандары көтерме жәрдемақыға құжаттарын тапсырып барлығы 21 жас маманға айлық есептік көрсеткіштің 1296 тенгенің
70 еселенген көлемінде, яғни 90720 тенгеден 1905,0 мың тенге көтерме жәрдемақы берілді. 1 денсаулық сақтау саласының маманына жұмыс істеуге келген жерінің қала статусы болғандықтан көтерме жәрдемақы төлеу аудандық тұрақты комиссияның шешімімен қанағаттандырылмаған.
2010 жылы 18 мұғалімге айлық есептік көрсеткіштің 1413 тенгенің
70 еселенген көлемінде 98910 тенгеден 1780,3 мың тенге көлемінде бір жолғы көтерме жәрдемақы және 8 жас мұғалімге айлық есептік көрсеткіштің 1413 тенгенің 630 еселенген көлемінде, әр маманға 890,0 тенгеден барлығы 7021,3 мың тенгеге, 1 мәдениет саласының маманына 890,0 мың тенгеге тұрғын үй сатып алуға пайыссыз кредит берілді.
2011 жылы 32 мұғалім, 1 денсаулық сақтау, 1 мәдениет саласының мамандарына айлық есептік көрсеткіштің 1512 тенгенің 70 еселенген көлемінде 105840 тенгеден 3599,0 мың тенге көтерме жәрдемақы және айлық есептік көрсеткіштің 1500 еселенген көлемінде әр маманға 2268,0 мың тенгеден аспайтын соммада 6 мұғалімге 11511,0 мың тенгеге тұрғын үй сатып алуға пайыссыз кредит берілді.
2012 жылы 23 маманға айлық есептік көрсеткіштің 1618 тенгенің 70 еселенген көлемінде, яғни 113260 тенгеден 3077,0 мың тенге көтерме жәрдемақы және айлық есептік көрсеткіштің 1500 еселенген көлемінде 2427,0 мың тенгеден аспайтын соммада 5 маманға 11676,0 мың тенгеге тұрғын үй сатып алуға пайыссыз кредит берілді.
Бұл жеңілдіктерді алу үшін жас маман елді мекенде тұрақты мекен жайда тіркелуі және әлеуметтік қолдау шараларын алған кезде елді мекенде орналасқан ұйымда кемінде 5 жыл уақыт жұмыс істеуге міндеттеме қабылдайды. Көтерме жәрдемақы және бюджеттік кредит алған кезде аудан әкімімен келісім - шарт жасалады. Бұл құжаттар 5 жыл уақыт ішінде қадағалауда болып, әлеуметтік көмекті алған мамандар тоқсан сайын жұмыс орындарынан анықтама ұсынып отыруы қажет. Көтерме жәрдемақы мен бюджеттік кредит алған мамандар арасында басым көпшілігі Ақтоғай селолық округіндегі Ақтоғай орта мектебі, Біршоғыр селолық округіндегі Біршоғыр орта мектебі, Монке би селолық округіндегі М.Тажин атындағы орта мектебі, Кішіқұм селолық округіндегі Тоғыз орта мектебі, Шоқысу негізгі мектебі, Қарашоқат орта мектебі, Қауылжыр селолық округіндегі ГКС-12 орта мектебі, Бозой селолық округінің Бозой орта мектебі , Аяққұм негізгі мектебі, Жаңақоныс селолық округіндегі Қызыл Ту негізгі мектебінің жас мұғалімдері ие болуда.
2013 жылға көтерме жәрдемақы алуға 23 маманға, оның ішінде
20 әлеуметтік қамсыздандыру, 3 ветеринария саласының мамандарына 2787,0 мың тенге, тұрғын үй сатып алуға 2 маманға 5193,0 мың тенге жоспарлануда. Әлеуметтік көмек алушылар қатары жылдан жылға көбейеді деп ойлаймыз.