Жұмыспен қамту жолдары

Жұмыспен қамтудың белсендi саясатын жүргiзу Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметiнiң негiзгi әлеуметтiк басымдықтарының бiрiне жатады. Жұмыспен лайықты қамтуды қамтамасыз ету - халықты әлеуметтiк қорғаудың негiзi, адами ресурстар әлеуетiн дамыту мен iске асырудың маңызды шарты, қоғамдық байлықтың артуы мен өмiр сүру сапасын жақсартудың басты құралы.
«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасын іске асыру үшін 2013 жылға бағдарламаның бағыттары бойынша, ауданда республикалық бюджеттен қаржыландырудың жалпы сомасы 108,952 млн. теңге , қатысушыларының саны 421 көрсетіліп жоспары белгіленген.
- 2013 жылға ауданда «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасын іске асыру жөнінде бірінші бағыт бойынша әлеуметтік жұмыс орындарына 260 адамға 50% жалақысын төлеп, субсидиялауға 58988,0 мың теңге қарастырылған. 2013 жылдың 1-ші тоқсанында 191 адам әлеуметтік жұмыс орнына жіберіліп 6000,0 мың теңге төленді.
- Мамандық алып кәсіптік оқуға, қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға оқуға 46 адам жіберу (2,6 млн теңге) жоспарланған.
- «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы шеңберінде жастар практикасын ұйымдастыруға 17864.0 мың теңге бөлініп 100 адам жіберу жоспарланған.2013 жылдың 1-ші тоқсанында 61 адам жастар тәжірибесіне жіберіліп 5642,0 мың теңге төленді.
- Екінші бағыт бойынша жеке кәсібін ашып және кеңейту мақсатында 15 адамға 22,5 млн теңге қарастырылып, 7 адамға жетіспейтін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға және жайластыруға 7.0 млн теңге және де осы бағыт бойынша кәсіпкерлік негізде оқытуға 15 адам жоспарланған.
Бүгінгі күнге бағдарламаның бірінші бағыты бойынша әлеуметтік жұмыс орындарына 191 адам 65 жеке қожалықтармен кәсіпкерлік субьектілеріне және жастар тәжірибесіне 61 адам 24 кәсіпорындар мен мекемелерге жұмысқа жіберілді.
Осы бағыт бойынша кәсіптік оқуға, қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға мамандық алуға үміткерлердің тізімі жасақталуда.
Екінші бағыт бойынша 15 адамға кәсібін ашуға және кеңейту мақсатында несие алушылардың және осы бағыт бойынша кәсіпкерлік негізде оқытуға 15 адамның тізімдері жасақталды. Оның ішінде машина жөндеу орталығын ашу-1 адам, шаштараз-2 адам, монша салу- 2 адам, тігін цехы-2 адам, жүн тері өңдеу цехы- 1 адам, кафе кеңейту-1 адам, мал шаруашылығын дамыту-3 адам, наубайхана-1 адам, дөңгелек жөндеу- 1 адам, кондитер цехы-1 адам.
Осы бағыт бойынша 7 адамға инфрақұрылымды дамыту және жайластыруға несие алушылар қатарынан берілу жоспарлануда.