Билер кеңесінің көмегімен татуласу келісімге келген

Шалқар аудандық сотына талап қоюшы Б. арыз жазып, жауапкерлер ерлі-зайыптылар Т. Шалқар қаласындағы тұрғын үйін сатуға кедергі келтіріп отырғандықтан, олардың тарапынан келген кедергілерді жоюды сұраған.
Дайындық бөлімінде тараптар қалалық әкімдігі жанынан құрылған билер кеңесінің араласуымен жасасқан татуласу келісімін ұсынып, талап қоюшы Б. талабынан бас тартып, азаматтық істі тоқтатуды сұрады.
Татуласу келісімі бойынша, жауапкерлер даулы үйді талап қоюшыдан 300 000 теңге төлеп сатып алуға, келіскен ақшаны әр айда бөліп төлеуге, ал талап қоюшы ақшаны төлеп болғасын, үйдің құжаттарын нотариус арқылы беретін болып келіскен.
Соттың ұйғарымымен татуласу келісім бектіліп, азаматтық іс тоқтатылды.