Шалқар аудандық сотынының қызметкерлері жеке кәсіпкерлермен кездесу өткізді

Шалқар аудандық сотының қызметкерлері бас маман А.А.Нұрұдин, жетекші маман Р.А.Айтмаганбетова жеке кәсіпкерлермен «Татуласу: сотқа дейін, сотта» пилоттық жобасын іске асыру бойынша кездесу өткізді.
Бас маман А.А.Нұрұдинқарыз өндіруге байланысты «Талап арыз берудің тәртібі» және «Медиация заңын» қолдану аясында «Медиативтік келісім» туралы түсіндірме жасап, медиацияның өзектілігі мен тиімділігін көрсете отырып, дауды сотсыз да шешетін жолдарын қарастыру қажеттілігі тиімді екендігінатап көрсетті.
Жетекші маман Р.А.Айтмаганбетова өз кезегінде талаптардың арасындағы татуластыру рәсімдерін қолдану бойынша «Татуласу келісімі» туралы түсіндірме жасап, бүгінгі таңда қоғамдағы даукестік деңгейі өсіп, көршілердің, достардың, әріптестердің және серіктестердіңарасында туындайтынын, татуласу келісім жақсы қарым-қатынасты сақтауға септігін тигізетінін атап өтті.
Іс-шараның соңында қатысушылар барлық сұрақтарға толық жауаптарын алды, сондай-ақ барлық жұртшылық үшін «Татуласу: сотқа дейін, сотта» пилоттық жобасының маңыздыекендігіне бірауыздан пікір білдірді.