Енді жаңа туған сәбиді проактив тәсілмен мекенжай тіркеуіне қоюға болады

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы бала туылуына байланысты проактив тәсілмен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізіміне мекенжай бойынша тіркелу қызметін қосты. Бұл қызмет мемлекеттік корпорацияның бастамасымен ҚР ІІМ мен Әділет министрліктері базаларының интеграциялануы нәтижесінде жүзеге асып отыр. Енді жаңа босанған әйелдерге баланың туу туралы құжатын жасатыпбалабақша кезегіне тұру және жәрдемақы алуға ұсыныс білдіретін смс-хабарламамен бірге жаңа туған сәбиді мекенжай тіркеуіне қоюға мүмкіндік беретін хабарлама қоса жолданады.«Проактив тәсілі азаматтарға ешқайда шықпай-ақ мемлекеттік қызметтерді алуға мүмкіндік береді. Жаңа технологиялар енді ғана сәбилі болған ата-анаға ХҚО-ға бармайбаланың бар құжаттарын реттеуге көмектеседі. Керегі – телефонға келген смс-ке жауап беру ғана»– дейді мемлекеттік корпорацияның төрайымы Әсемгүл Балташева.Ереже бойынша дүниеге келген сәбидің ата-анасының біріне екі апта ішінде мекенжай тіркеуіне тұру жөнінде смс-ұсыныс жолданады. Сұраққа оң жауап берілген жағдайда баспана иесі өз мекенжайының тіркеу кодын енгізуі тиіс. Пәтер не үй баланың ата-анасының атында болмаған жағдайда баспана иесінің ЖСН-і қоса жолданады. Бұл реттепроактив тәсілмен жолданатын смс-терді алу үшін баланың ата-анасының бірі міндетті түрде мобильді азаматтар базасында тіркелуі керек. Айта кетейік15 жыл бұрын іске қосылған проактив тәсілімен 70 мыңнан астам баланың туу туралы құжаты беріліп13 мың бөбек балабақша кезегіне тұрғызылды.«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ Ақтөбе облысы бойынша филиалының баспасөз қызметіТел.: 8 775 485 43 67 Мустафина Асель Сагингалиевна