Жеке тұлғаларға салықтық рақымшылық жасалады

2019 жылдың 16-шілдесінен бастап жеке тұлғаларға салықтық рақымшылық жасауды көздейтін заң күшіне енді.
01.01.2019 жыл жағдайына берешегі бар салық төлеушілер негізгі берешек сомасын ағымдағы жылдың 31 желтоқсанына дейін төлеген жағдайда жер, мүлік және көлік салықтары бойынша өсімпұлы алынып тасталады. Сонда олар негізгі салық берешегін ғана өтейді. Салықты уақытылы төлемегені үшін сотқа немесе коллекторлық компанияларға ісі жолданған азаматтар да рақымшылыққа ілігеді. Бұл акция жылдың соңына дейін жалғасады.
Сондай-ақ, соңғы 5 жыл көлемінде төленбей жүрген жер, мүлік және көлік салықтарын келіп төлеген жағдайда да өсімпұл сомалары есептен шығарылады.
Шалқар ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы