Бірыңғай (Ұлттық) азаматтарды қабылдау күні

Бүгін ауданымызда Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын ілгерілету аясында мемлекеттік органдар жұмысының азаматтармен ашық қарым-қатынас жасауға бағытталған форматын жандандыру үшін, Бірыңғай (Ұлттық) азаматтарды қабылдау күні жалпы республикалық іс-шарасын өткізу мақсатында аудан әкімдігі ғимаратында аудан әкімінің міндетін атқарушы Жидеханов Жанболат Өтеғұлұлының қабылдауы өткізілді. Қабылдау барысында қала тұрғындары тарапынан қойылған сұрақтарына толықтай жауап беріліп, тиісті бөлім басшыларына тапсырмалар берілді. Бірыңғай (Ұлттық) азаматтарды қабылдау күні ауданның жергілікті атқарушы органдарымен жалпы 34 адам қабылданып, оның ішінде 6-ы аудан әкімі әкімінің міндетін атқарушымен жүргізілді. Қабылдауға жазылғандар сауалдарының негізгі бөлігін жұмысқа орналасуға байланысты, ауылдық округтердегі жем шөп дайындығы т.с.с. құрады. Қойылған сұрақтар барлығы бақылауға алынды.
Сонымен бірге азаматтарды қабылдау жүйелі түрде «OPEN SPACE» принципі бойынша аудан әкімімен , селолық округ әкімдерімен өткізіліп жатқанын атап өтуге болады.