Мемлекеттік қызметкерлер мемлекеттік кіріс басқармаларынан ЭЦҚ ала алады.

«Азаматтарға арналған үкімет» МК Ақтөбе облысы бойынша филиалы және Ақтөбе облыстық кірістер басқармасымен бірлесіп, мемлекеттік қызметкерлерге жыл сайынғы салық есептілігін тапсыру үшін халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары кіріс басқармасына іссапарға жіберіліп, мемлекеттік қызметкерлер электрондық цифрлық қолтаңбаны ашуға болатындығын хабарлайды. Енді Ақтөбе облыстық мемлекеттік қызметшілері ХҚКО-ға бармай-ақ кірістер басқармасынан ЭЦҚ ала алады. ЭЦҚ алу үшін өзімен бірге жеке куәлігі және флэш тасығыш болуы қажет.
Бұдан басқа, әлі өтпеген ЭЦҚ-ның мерзімін Ұлттық куәландырушы орталықтың pki.gov.kz. сайтында ұзартуға болатынын еске саламыз .
Салық төлеушілерге ЭЦҚ мемлекеттік қызметтерді алу үшін қажет. Оның көмегімен қазақстандықтар салықтық өтініш бере алады, есептілікті тапсыра алады, тоқтата алады және т.б.