Шалкар аудандық соты 2019 жылдың жұмыс қорытындысы бойынша баспасөз конференциясын өткізді

Шалкар аудандық сотының төрағасы О.Ә.Бактыгереев2019 жылғы атқарылған сот төрелігін жүзеге асырудың қорытындысы бойынша баспасөз конференциясы өткізді.Іс шараға сот төрағасы О.Ә.Бақтыгереев, судьялар С.О.Дәріқұлова, Д.Қ.Исабек, кеңсе меңгерушісі Н.Ерниязова және жергілікті «Шалкар» газетінің редакторы М.Мырзалин қатысты.
Іс-шара барысында сот төрағасы О.Ә.Бақтыгереев 2019 жылғы сот жұмысының есептік кезеңіндегі статистикалық мәліметтеріне тоқталып өтті.Осылайша,2019 жылы аудандық соттың өндірісінде 82 қылмыстық іс қаралып, оның ішінде үкім шығарумен 48 іс аяқталып, 33 іс тараптардың татуласуына байланысты тоқтатылған. 2 қылмыстық іс соттылығы бойынша жолданып,1 қылмыстық іс прокурорға кайтарылған. Азаматтық істер бойынша барлығы 443 азаматтык іс каралып, оның 190 іс бойынша шешім шығарылып, 82 арыз бұйрықтық іс жүргізу өндірісінде қаралған, 15 іс тараптардың өтініші бойынша қараусыз қалдырылып, 148 іс қысқартылған және 8 іс соттылығына байланысты жіберілді.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша 589 іс қаралды. Оның ішінде 236 тұлғаға айыппұл салынып, 130 тұлға әкімшілік қамаққаалынып, 49тұлғаға арнайы құқығынан айыру түріндегі жаза, 11 тұлғаға ескерту түріндегі жазалар тағайындалды, 11 тұлға ҚР-ның шегiнен әкімшілік жолмен шығарылған.Өндірістен 151 іс қысқартылып, 1 іс кәмелетке толмаған баланың жауапкершіліктен босатылуымен аяқталды.
Медиация жолымен татуластыру рәсімдері қолдана отырып 33 қылмыстық, 96 азаматтық және 115 әкімшілік іс аяқталған.
Баспасөз конференциясы соңында сот төрағасы басты міндет - сот төрелігінің сапасын жақсартуда екендігін айтып, сот жұмысын жақсарту мақсатында бірқатар нақты міндеттер қойды.