Семинар өткізілді

Шалқар ауданаралық әділет басқармасының ұйымдастыруымен 11 ақпан 2020 жылы, әділет басқармасында Шалқар Еріктілері жетекшісі мен топ жетекшілерінің қатысуымен 2020 жыл Волонтерлер жылы болып жариялануына байланысты халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және азаматтарға құқықтық мәселелер бойынша бірлескен құқықтық көмек көрсету мақсатында оқыту семинарлары ұйымдастырылды.Семинарда облыстық әділет департаментінен берілген брошюралар таратылып, топ жетекшілері алдағы уақытта ерікті түрде бірлесіп құқықтық көмек көрсету шараларына бір ауыздан ат салысатындары айтылды.
Шалқар ауданаралық әділет басқармасы