Судьялық әдеп кодексі

Шалқар аудандық сотында «Судьялық әдеп кодексі» тақырыбында семинар сабағы өткізілді.
Семинар сабағына Шалқар аудандық сотының төрағасы О.Бақтыгереев, Шалқар аудандық сотының судьялары: Дәріқұлова С., Д.Исабек, кеңсе меңгерушісі Н.Ерниязова және соттың мамандары қатысты .
Судья Д.Исабек баяндама жасап, осы судья әдебі кодексінің 1- бабында көрсетілгендей, судья антқа адал болуға, заңдарды бұлжытпай сақтауға және судьялық мәртебені қадірлеуге, өзінің ар – ожданы мен жеке басының қадір – қасиетін сақтауға міндетті және сот билігінің беделін түсіретін, судьяның абырой-беделіне нұқсан келтіретін және сот төрелігін жүзеге асыру кезінде оның объективтілігі мен тәуелсіздігіне күмән тудыратын жағдайлардың бәрінен қандай жағдайда болмасын өзін аулақ ұстауға тиісті екенін атап айтты.
Қорытынды сөзінде Шалқар аудандық сотының төрағасы О.Бақтыгереев Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесі әлемдік өркениеттің құқықтық жүйелерінің ішінен лайықты орын алатындығына сеніммен қарайтынын айтты.