Сот актілерін орындау бойынша дөңгелек үстел өтті

Шалқар аудандық сотында прокурор А.Досмурзаева, Шалқараудандық полиция бөлімінің өкілдеріҮркимбаев Д., Кузеуов Е., Оразаев Д, сонымен катар жеке сот орындаушысы Г.Қалжанованың қатысуымен «Сот актілерінің орындалуы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Аталмыш іс-шараны төраға О.Бақтыгереев ашып, сот актілерін орындау – сот төрелігінің маңызды тетігі, осыдан халықтың сот жүйесіне деген сенімі қалыптасады. Сот билігінің беделі сот актілерін шығаруы кезінде азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарының қаншалықты қорғалғанына ғана байланысты емес, сонымен қатар осы акті қаншалықты толық және уақытылы орындалғанына байланысты деп атап өтті.
Дөңгелек үстел барысында судья Д.Исабек баяндама жасап, әкімшілік істер бойынша сот актілерін уақытылы орындау бойынша проблемалық сұрақтар талқыға салынып, орындалмаған сот актілері бойынша статистикалық көрсеткіштер айтып, шұғыл орындауға тиісті шаралар атқару аясында орындалмаған сот актілерінің жағдайына талдау жасады.
Іс-шара соңында сот төрагасы О.Бақтыгерев дөңгелек үстелге қатысушыларына сот актілерін уақытылы орындау бойынша жұмысты бақылауға алуды ұсынды.