«Гендерлік саясат және татуласу рәсімдер туралы» тақырыбындағы көшпелі дәріс

Шалкар аудандық сотының судьясы С.Дәріқұлова және Шалкар аудандық сотының кеңсе меңгерушісіН.Ерниязова Шалкар электрмен жабдыктау дистанциясынын қызметкерлерінің арасында «Гендерлік саясат және татуласу рәсімдер туралы» тақырыбында көшпелі дәріс өткізді.
Кездесудің басты мақсаты қоғамда әйелдердің құқықтары, қазіргі таңда әйел мәртебесі және сот процесінде татуластыру әдістері туралы насихаттау.Қазақстанда гендерлік саясат жүргізу жөніндегі жұмысты Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия үйлестіреді. Оның негізгі міндеті отбасына, әйелдер мен ерлердің теңдігіне қатысты кешенді мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады.
Мемлекеттік гендерлік саясат базалық гендерлік заңдарға және Мемлекет басшысының Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында 2006-2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдік стратегиясына сәйкес жүзеге асырылатыны туралы айтылды.
Сонымен қатар, дәріс оқу кезінде Шалқар аудандық сотының судьясы С.Дәріқұлова дауларды шешу баламалы әдістері туралы, оның ішінде медиация және партисипативтік тәртібі қолдану бойынша түсіндірді.
Кеңсе меңгерушісі Н.Ерниязова сот жүйесін цифрландыру мәселелеріне тоқталды.
Мекеме қызметкерлері баяндамашыларға мазмұнды кездесу үшін алғысын білдірді.