Дүкендеріне рейд жүргізілді

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бөлшек сауда бағаларының өсуіне жол бермеу мақсатында құрылған аудандық жедел штаб мүшелері қала дүкендеріне рейд ұйымдастырып, халық мейілінше көп тұтынатын тоғыз азық-түлік түріне белгіленген бағаны өсірмеу туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Егер кәсіпкерлер тарапынан белгіленген бағадан қымбат бағаға сатып, аталған заңдылық бұзылған жағдайда әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл төлейтіндіктері түсіндірілді.