Шалқар аудандық мәслихат депутаты, қала әкімі, ардагерлер кеңесінің төрағасы, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы вокзал маңындағы орналасқан азық-түлік дүкендерін және дәріханаларды аралады.

Шалқар аудандық мәслихат депутаты, қала әкімі, ардагерлер кеңесінің төрағасы, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы вокзал маңындағы орналасқан азық-түлік дүкендерін және дәріханаларды аралады. Аралау барысында азық-түлік тауарларына шекті баға тұрақтандыру туралы түсінік жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, кәсіпкерлерді елімізде болып жатқан уақытша сын кезеңде халық көп тұтынатын азық бағасын қымбаттатпау арқылы тұрғындарға қол ұшын созуға шақырды.