Аудандағы қылмыс деңгейінің ахуалы

Шалқар ауданында а.ж. 4 айында қылмыс деңгейі былтырғы кезеңмен салыстырғанда 68-ден 57-ге немесе 16,2% төмендеген, соның ішінде ауырлығы орташа қылмыстар саны 44-тен 36-ға немесе 18,2% төмендесе, ал онша ауыр емес қылмыстар 9-дан 6-ға төмендеген.
Алдын алу шараларының кешенді ұйымдастырылуы нәтижесінде ұрлық36-дан22-ге немесе 38,9% төмендеген, соның ішінде мал ұрлығы 12-ден9-ға25%төмендеген.
Бұзақылық қылмыстары 3-тен 2-ге немесе 33,3% азайса, қоғамдық орындарда жасалған қылмыстар саны 12-ден 7-ге дейін азайған.
Аудан көлемінде қылмыстың төмендеуінің бірден бір себебі, ол құзырлы органдар тарапынан ұдайы жүргізіліп жатырған профилактикалық іс-шаралар мен білім ошақтарында жүйелі түрде ұйымдастырылып өткізілген шаралардың үлесі.
Әр азаматтың міндеті-заң талаптарын бұзбау, екінші жағынан өзіне жүктелген міндетін орындау. Заңның ең басты мақсаттарының бірі-қоғамдағы алуан мінезді адамдарды салауатты өмір салтына тәрбиелеу болып табылады.
Сондықтан аудан тұрғындарын заң талаптарын бұзбауға және қатаң сақтауға шақырамыз.
Заңды білмеу-құқықтық мәдениеттің елеулі кемшілігі және оны бұзу жауапкершіліктен босатпайтынын түсіндіреміз.
Шалқар ауданының прокуратурасы