Инфекция бойынша ескерту шараларын күшейту туралы

Ағымдағы жылғы 11 мамырда 15.03.2020 жылғы Президент Жарлығымен Республика аумағында енгізілген Төтенше жағдай режимі аяқталды, дегенмен қала аумағында карантин режимі орнатылған және қалаға кіру/шығу шектелген.
2020 жылғы 15 мамырдағы облыстың Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысымен азаматтарға үйлерінен шығуға рұқсат етілген, алайда маска режимін, әлеуметтік қашықтықты және профилактикалық шараларды сақтау қажет.
Барлық азаматтардың өз үйлерінен қажеттіліксіз шығуы, тұрғылықты жердегі барлық отбасылық шаралардың жасалуы, сонымен бірге достарына, әріптестері мен туыстарына баруы алынып тасталды, созылмалы аурулары бар азаматтар, сондай-ақ 65 жастан асқан адамдар өздігінен оқшаулау режимін сақтауы қажет.
Қабылданған шараларға қарамастан, коронавирус инфекциясының таралу қаупі сақталуда, оған ауруға шалдыққандар санының көбеюі дәлел болып отыр.
Осыған байланысты, тұрғындардың қауіпсіздігін сақтау және инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында, барлық азаматтарды санитарлық-гигиеналық нормалардың ережелерін сақтауға шақырамыз.
Шалқар ауданының прокуратурасы