ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ – ӨРКЕНИЕТ ӨРІСІНЕ ТҰСАУ

Мемлекет басшысының тікелей нұсқауымен 1999 жылы 19 ақпанда Қазақстан Республикасы ішкі істер Министрлігінде әйелдерді зорлық зомбылықтан қорғау жөніндегі бөлімше жасақталды.
Оның негізгі мақсаты – әйелдердің конституциялық құқықтары мен бостандықтарын заңды мүдделерін құқыққа қайшы әрекеттерден қорғау, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолдарын кесу болып табылады.
Қазіргідей дамыған заманда тіршілік тірегі – әйел теңдігін табиғатынан қамқорлықты қажет ететін нәзік жандардың құқығын қорғау қай қоғамда болсын басты мәселе саналады. Оған қарамастан әйелдер қауымының 40-60 пайызы отбасында, сонымен қатар кездейсоқ жағдайдағы озбырлыққа ұшырайды.
Тек ағымдағы жылы Шалқар аудандық сотымен отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттерге қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 73-бабымен 62 әкімшілік іс қаралып, 16 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 46 тұлғаға қатысты әкімшілік іс құқық бұзушының жәбірленушімен медиациялық тәртіпте татуласуларына байланысты тоқтатылған.
Әйелдерге қарсы жасалатын құқық бұзушылықтар негізінен құқық бұзушы және жәбірлегушінің спиртті ішімдікті сезіктімен бірігіп спиртті ішімдікті ішуі, маскүнемдік әсерінен өзара ұрыс-керіс, жанжалдың шығуы, тұрмыс қиыншылықтарын дұрыс түсініп, бірігіп шешім табу жолын білмеу және тағы да басқа себептерден туындайды.
Қазақ халқы қай жерде болмасын әйел адамдарға ықыласпен қарап, ана деп құрметтеп, қарындас деп еркелетіп отырған.
Сондықтан қоғамымыздағы нәзік жандылардың құқығын қорғауға қатысты алдын алу шаралары күшейтіліп, ешбір адамның тапталған құқығы қорғаусыз қалмайтынын көрсететіндей іс-шаралар кеңінен жасалынып, әелдерге қатысты зорлық-зомбылықты түбегелі жойылу қажет.
Шалқар ауданы прокуратурасының прокуроры
А.Акзамова