«WatsApp» мобильдік бейнеконференция байланысы арқылы «Қазақстан Республикасы Конституциясына 25 жыл» тақырыпта кездесу өтті

Шалқар аудандық сотының судьясы С.Дәріқұлова «WatsApp» мобильдік бейнеконференцбайланысы арқылы «Қазақстан Республикасы Конституциясына 25 жыл» тақырыпта құқықтық оқыту жұмыстарын жүргізді. Оған №11 Шалқар аграрлық-техникалық колледжінің басшысы Ж.Д.Елемесов және студентері онлайн режімде катысты.
Онлайн кездесу барысында судья С.Дәріқұлова катысушыларға Қазақстан Республикасы Конституциясы туралы баяндама жасап, 1991 жылғы 16 желтоқсанда қабыл­данған «Мемлекеттік тәуелсіздік туралы» Конституциялық заңда мемлекеттік билік жүйесі үш тармақта – заң шығару, атқару және сот билігі болып құрылғанын және бұл қағидаттар 1993 жылы қабылданған Ата Заңымызда одан әрі нақтыланғанын айтып өтті.
Мемлекет басшысы сот жүйесін осылай дамыта беру бағыттарын белгілей отырып, әр жылғы уақыт талабына сай батыл да жаңа қадамдар жасауға ықпал еткендігін атап өтті.
Онлайн кездесу соңында конституциялық құқықтарды жүзеге асыру кезіндегі мәселелі сұрақтар талқыланды.