«Whats App» жүйесі арқылымедиативтік келісім бекітілді

Шалқар аудандық сотында Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 73-2 бабының 1-1 бөлігімен (отбасы –тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер)азамат Б. катыстыәкімшілік құқық бұзушылық туралы іс кашықтықтан Whats App мобильдік қосымшасы арқылы қаралды.
Іс материалдары бойынша, құқық бұзушы Б. алкогольдік масаң күйінде заңды некедегі жолдасыменсөзге келу барысында оған күш қолданып, қолының алақанымен ұрып, денсаулыққа зиян келтіруге әкеп соқпаған,ұрып соғып, тән ауруына ұшыратқан.
Сөйтіп, ол ҚР ӘҚтК-нің 73-2-бабының 1-1бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған.
Сот отырысында құқық бұзушы кінәсін мойындап, жәбірленушімен медиативтік келісімге келіп татуласқандарын, әрекетіне кешірім сұрайтынын көрсетті.
Жәбірленуші істі тоқтатуды сұрады.
Соттың қаулысымен Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 73-2бабының 1-1бөлігімен жасақталған әкімшілік құқық бұзушылық туралы ісерлі-зайыптылардың медиативтік келісімментатуласуларына байланысты өндірістен тоқтатылды.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.