Заңнама өзгерістерін талқылау бойынша брифинг өткізілді

Шалқар аудандық сотында қашықтықтан Whats App жүйесі арқылы«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіру» тақырыбында брифинг өткізілді.
Шараға «Шалқар» аудандық газеттін директоры Қ. Әлин қатысты.
Онлайн-кездесу барысында сот төрағасы О.Бақтыгереев,Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодекстеріне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы түсіндірді.
Заң бойынша Кодекстің 15-бабына өзгеріс енгізіліп, ол бойынша азаматтық сот ісін жүргізу кезінде дәлелдеме жинақтаудағы, тексерудегі соттың құзіреті кеңейтілді.
Бұрынғы норма бойынша соттың азаматтық істі қарау барысында өз бастамасымен дәлелдемелер жинақтауға мүмкіндігі болмайтын.Дәлелдемені тараптардың өздері сотқа ұсынатын. Сот тараптар ұсынған дәлелдемелерді ғанатексеріп, соның негізінде шешім қабылдайтын.
Мұндай жағдайда қарапайым адамдардың сауатының болмауына байланысты дәлелдеме жинақтауға, іс үшін маңызы бар мәселелерге соттың назарын аударуға мүмкіндігі болмайтыны белгілі. Судьяның ондай кезде өздігінен дәлелдеме жинақтауға заң бойынша құқығы болмайтын. Сондықтан сондай жағдайлар даулы іс бойынша жеңілген тараптың сотқа түсінбеушілік танытуына себеп болатын. Енді жаңа Заңның нормалары бойынша судьяға азаматтық іс бойынша өз бастамасымен дәлелдеме жинақтау арқылы істі қарау кезінде шындықты анықтауға құқық берілді.
Сонымен катар, Кодекске енгізілген жана нормалар бойынша тараптарды татуластыруға адвокаттармен қатар заң консультанттар да қатыса алады. Ұйғарымдар шығару да жеңілдетілді, қенесу бөлмесінің орнына, қенесу құпиясы енгізілді. 2020 жылдың қаңтар айында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне енгізілген толықтыруларға тоқталып, жүргізушінің көлік құралын масаң күйде басқаруына байланысты құқық бұзушылықтар бойынша әкімшілік жазаның қатаңдағанын назарға салды.
Мысалы, көне кодекс бойынша үш жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығын айыру түріндегі әкімшілік жаза қолданылса, жаңа кодекс бойынша он бес тәулікке әкімшілік қамаққа алуға және жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруға алып келетіндігін айтып өтті.
Шара соңында сот төрағасы О.Бақтыгереев газет өкілінің сұрақтарына жауап қайтарды