Заңнама өзгерістерін талқылау бойынша брифинг өткізілді

Шалқар аудандық сотының төрағасы О.Бақтыгереев қашықтықтан «Whats App»мобильдік жүйесі арқылыҚазақстан Республикасының Азаматтық процестік және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстеріне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы «Шалқар» аудандық газетінің директоры Қ. Әлиннің қатысуымен брифинг өткізді.
Баяндамасында сот төрағасы Азаматтық процестік Кодексі бойынша азаматтық сот ісін жүргізу кезінде судьяға өз бастамасымен дәлелдеме жинақтауға құқық берілгенін, тараптарды татуластыруға адвокаттармен қатар заң консультанттар да қатыса алатынын, сонымен қатар, судьяның құзыретінен артық ұйғарымдар шығару алып тасталынғанын, қенесу бөлмесінің орнына қенесу құпиясы енгізілгенін атап өтті.
Ал Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне енгізілген өзгерістер бойынша, жүргізушінің көлік құралын масаң күйде басқаруына байланысты құқық бұзушылықтар бойынша әкімшілік жазаның қатаңдатылғанын назарға салды.
Мысалы, көне кодекс бойынша үш жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығын айыру түріндегі әкімшілік жаза қолданылса, жаңа кодекс бойынша он бес тәулікке әкімшілік қамаққа алуға және жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруға алып келеді.