Зияткерлік меншікті сақтау және қорғау мәселелері талқыланды

Шалқар аудандық тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен«Зияткерлік меншікті сақтау және қорғау» тақырыбында бейнебайланыс арқылы дәріс өткізді.
Іс-шараға Шалкар аудандық сотының судьясы С.Дәріқұлова және Шалқар аудандық әділет департаментінін, музейдің кызметкерлері катысты.
Музейдіңэкскурсия жүргізушісі А.Куанжанова баяндама жасап, зияткерлік меншік қоғамның барлық саласына қатысты мәселелерді қамтитынын, ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық әзірленімдер, технологиялық шешімдер, ғылыми шығармалар, әдебиет және көркем өнер, тауарлық таңбалар, бағдарламалық өнімдер және т.б. зияткерлік меншік объектілері болып табылады деп атап өтті.
Қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстерде зияткерлік меншік объектілерін заңсыз пайдалану үшін жауапкершілік белгіленген. Сонымен қатар, материалдық және моральдық өтеу түрінде азаматтық-құқықтық жауапкершілік көзделген.
Судья С.О.Дәріқұлова талқыланған тақырыпқа қатысты сұрақтарына жауап беріп,Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2007 жылғы 25 желтоқсандағы № 11 «Соттардың авторлық құқық және сабақтас құқықтарды қорғау жөніндегі кейбір заң нормаларын қолдануы туралы» нормативтік қаулыға енгізілген өзгерістерге тоқталды.