Қашықтықтан «WhatsApp» мобильдік қосымшасы арқылы «Мүлікті жалдау және коммуналдық төлемдерге байланысты дауларды сотқа дейін реттеу тәртібі» тақырыбында онлайн кездесу

Шалқар аудандық сотының судьясы С.Дәріқұлова қашықтықтан«WhatsApp» мобильдік қосымшасы арқылы «Мүлікті жалдау және коммуналдық төлемдерге байланысты дауларды сотқа дейін реттеу тәртібі» тақырыбында құқықтық оқыту жұмыстарын жүргізді.
Оған Шалқар қаласы әкімінің аппараты бас маманы Г.Утегенова, «Ұлы Борсық» КМК заңгері С.Ажигулов қатысты.
Онлайн кездесу барысында судья С.Дәріқұлова қатысушыларға мүлікті, меншік нысандарын жалға алу заңдылықтары, мемлекетке төленетін міндетті төлемдер,атап айтқанда коммуналдық төлемдер бойынша түсінік беріп өтті.
Іс-шараның соңында қатысушылар пікір алмасып, көкейтесті сұрақтарына жауап алды.