Қашықтықтан «WhatsApp» мобильдік қосымшасы арқылы «Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысындағы санкциялау жөніндегі» онлайн кездесу

Шалқар аудандық сотында Whats App мобильдік қосымшасы арқылы «Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысындағы санкциялау жөніндегі» онлайн семинар өткізілді.
Аталған шараға судья С.О. Дәріқұлова, Шалқар ауданы прокурорының міндетін атқарушы Ж.Аманжолов, Шалқар ауданы полиция бөлімінің аға тергеушісі Н.Қойшығұлов қатысты.
Баяндамасында судья С.О.Дәріқұлова, мемлекеттiк құпияны немесе заңмен қорғалатын өзге құпияны қамтитын құжаттарды сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында алу қатаң түрде ҚПК-нің 254-бабының 1-бөлігінің талаптарына сай тергеу сотының санкциясымен жүргізілуі тиіс екендігі туралы атап өтті.
Соттың санкциясын қажет етпейтін алудың көрсетілген түріне: екінші деңгейдегі банктерден жеке және заңды тұлғалардың банктік шоттарының бар-жоғы және нөмірлері туралы ақпаратты және де басқа да ақпараттарды талап ету жөніндегі; абоненттің басқа абаненттермен қосылуы туралы ақпаратты қоспағанда, абоненттік нөмірлер бойынша ұялы байланыс операторынан мәлімет алу бойынша тергеу әрекеттері жатпайтындығын сөз етті.Мұндай ақпарат та тергеу судьясының санкциясынсыз қылмыстық қудалау органының жазбаша сұрау салуы бойынша алынуы мүмкіндігі айтылды.
Шара соңында судья С.О.Дәріқұлова қатысушыларға алғысын білдіре келе, сұрақтарына жауап берді.