Облыс әкімі Оңдасын Оразалин Шалқар ауданының жаңа әкімін таныстырды.

Бүгін ауданымызға арнайы келген облыс әкімі Оңдасын Оразалин Шалқар ауданының жаңа әкімін таныстырды.
ҚР Президенті Әкімшілігінің және аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясының келісімі бойынша, облыс әкімінің өкімімен бұл қызметке Жидеханов Жанболат Өтеғұлұлын тағайындады.
Жаңа әкімді аудан активіне арнайы таныстырған өңір басшысы алдағы жұмысына сәттілік тілей отырып, Мемлекет басшысы бекіткен бағдарламаларды сапалы түрде жүзеге асыруға және ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы мен тұрғындардың жағдайын жасауды басты назарда ұстау қажеттілігін айтты.
Жанболат Жидеханов 1972 жылы туған. Жоғары білімді. Еңбек жолын 1993 жылы №39 теміржол мектебінің есепшісі болып бастаған. 1997 – 2009 жылдар аралығында «Шалқар аудандық білім бөлімі» ММ бас маман болып қызмет атқарған. 2009 – 2012 жылдар аралығында «Шалқар ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ бөлім басшысының орынбасары, 2012-2013 жылдары «Шалқар ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ бөлім басшысы болып қызмет жасаған. 2013 жылдан осы уақытқа дейін Шалқар ауданы әкімінің орынбасары болып қызмет атқарды.
Ал, Шалқар ауданын осы уақытқа дейін басқарып келген Бауыржан Қаниевке облыс басшысы ауданға жасаған жемісті қызметтері үшін алғысын білдірді.