Хабарлама

«Тоғыз ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ 2020 жылдың 9 қазаны күні сағат 10:00-де Төсбұлақ елді мекеніндегі Теміржол мекемесінде, 2020 жылдың 9 қазан күні сағат 15:00-де Көпмола елді мекеніндегі бастауыш мектеп ғимаратында Тоғыз ауылдық округі бойынша жергілікті қоғамдастық жиындарының өтетіндігін хабарлайды.
Күн тәртібіндегі мәселе:
«Әкімшілік аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы №138 Қаулысына сәйкес, Тоғыз ауылдық округіне қарасты Көпмола, Төсбұлақ елді мекендеріндегі қайталанған «Теміржолшылар» көшелерін қайта атау туралы қоғамдастық тыңдалымы өтеді.
«Ақөбе облысы Шалқар ауданы
Тоғыз ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ