Хабарлама

«Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Кішіқұм ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ 2020 жылдың 9 қазан күні сағат 15:00-де Қарашоқат елді мекеніндегі Теміржолшылар көшесі №13 мекен-жайындағы Қарашоқат ЖОББ мектебі ғимаратында, 2020 жылдың 12 қазан күні сағат 10:00-де Шоқысу елді мекеніндегі Теміржолшылар көшесі №05 мекен-жайындағы Шоқысу ЖОББ мектебі ғимаратында Кішіқұм ауылдық округі бойынша жергілікті қоғамдастық жиындарының өтетіндігін хабарлайды.
Күн тәртібіндегі мәселе:
«Әкімшілік аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы №138 Қаулысына сәйкес, Кішіқұм ауылдық округіне қарасты Шілікті ауылы және Қарашоқат, Шоқысу елді мекендеріндегі қайталанған «Теміржолшылар», «Достық», «Толағай», «Сарбұлақ» көшелерін қайта атау туралы қоғамдастық тыңдалымы өтеді.
«Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Кішіқұм ауылдық
округі әкімінің аппараты» ММ