Х а б а р л а н д ы р у !

«Қауылжыр ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ 2020 жылдың 9 қазан күні сағат 10:00-де Қайдауыл елді мекеніндегі Теміржолшылар көшесі 1 үй мекен-жайындағы ШЧ-8 жол дистанциясы ғимаратында Қауылжыр ауылдық округі бойынша жергілікті қоғамдастық жиынының өтетіндігін хабарлайды.
Күн тәртібіндегі мәселе:
«Әкімшілік аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы №138 Қаулысына сәйкес, Қауылжыр ауылдық округіне қарасты Қайдауыл, Ұлпан елді мекендеріндегі қайталанған «Татыр» көшелерін қайта атау туралы қоғамдастық тыңдалымы өтеді.
«Қауылжыр ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ