ХАБАРЛАНДЫРУ

«Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Тоғыз ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ 2020 жылдың 9 қазаны күні сағат 10:00-де Төсбұлақ елді мекеніндегі Теміржол мекемесінде, 2020 жылдың 9 қазан күні сағат 15:00-де Көпмола елді мекеніндегі бастауыш мектеп ғимаратында жергілікті қоғамдастық жиналысын өткізді. Күн тәртібіндегі мәселе Төсбұлақ, Көпмола елді мекендеріндегі қайталанған «Теміржолшылар» көшелері атауларын өзгерту. Жиналыс ашық дауыс берумен қорытындыланып, нәтижесінде Төсбұлақ елді мекеніндегі «Теміржолшылар» көшесін «Әбілқайыр хан» есімімен, Копмола елді мекеніндегі «Теміржолшылар» көшесін «Бауыржан Момышұлы» есімімен қайта атау жөнінде шешім қабылданды.
«Ақтөбе облысы Шалқар ауданы
Тоғыз ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ