Алимент төлеу - қарыз емес, ПАРЫЗ!

Ата-аналар өздерінің кәмелетке толмаған балаларын күтіп-бағуға міндетті.
Алиментті ай сайын бір балаға - ата-анасы табысының және (немесе) өзге де кірісінің - төрттен бір бөлігі; екі балаға - үштен бір бөлігі; үш және одан да көп балаға тең жартысы мөлшерде өндіріледі.
Ағымдағы жылдың өткен кезеңінде аудан прокуратурасымен енгізілген прокурорлық қадағалау актілерінің негізінде 4,6 млн. теңге алимент бойынша берешек өндірілді.
8 жұмыссыз борышкер аудандық Жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа орналастырылды.
Соған қоса, берешегін өтеуден қасақана жалтарып жүрген 11 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Борышкер тұрақты жұмыспен қамтылмаған жағдайда, халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган «Халықты жұмыспен қамту орталығына» тіркеуге тұру үшін қажет құжаттарды (жеке басын куәландыратын құжат,еңбек қызметін рстайтын құжат (бар болған кезде), арнайы білімнің немесе кәсіптік даярлығының болуы туралы құжат) ұсыну қажет.
Егер ата-аналар өздерінің балаларына күтіп-бағу қаражатын ерікті түрде бермеген жағдайда, бұл қаражат олардан сот тәртібімен өндіріп алынады.
Атқарушылық іс жүргізу тараптары медиация тәртібімен дауды реттеу туралы келісім жасауға құқылы.
Мысалы, ағымдағы жылдың қыркүйек айында борышкер К. өндіріп алушы Н. пайдасына алимент бойынша 4 млн. теңге берешегінің орнына өзінің үйін беру жөнінде медиция тәртібінде келісім жасалды.
Алимент бойынша борышкерлер берешегін төлеуден жалтарған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапқа тартылады.
Атап айтқанда, ҚРӘкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 669-бабының 1-бөлігіне сәйкес, сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау - бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға небес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.
Және де, ҚР Қылмыстық Кодексінің 139-бабына сәйкес, ата-ананың кәмелетке толмаған балаларын күтіп-бағуға сот шешiмi бойынша қаражат төлеу жөніндегі міндеттерін үш айдан астам орындамау - алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға алып келетіндігі ескертіледі.
Бұдан бөлек, борышкерлерге мәжбүрлеп орындату шаралары қолданылуы мүмкін: иеліктегі мүлікке тыйым салу; берілген лицензиялардың, рұқсаттар және арнайы құқықтардың, оның ішінде көлік жүргізу құқығының қолданылуын тоқтата тұру; Қазақстан Республикасы аумағынан шығуын уақытша шектеу және т.б.
Осыған байланысты, борышкерлерді алимент бойынша ай сайынғы төлемдерін уақытында төлеуге, берешегін өтеуге, тұрақты жұмыспен қамтылмаған жағдайда Халықты жұмыспен қамту орталығына жүгінуге шақырымыз.
Шалқар ауданы
прокуратурасының прокуроры А.А.Досмурзаева