Хабарлама.

Ағымдағы жылдың 9 қазан күні Кішіқұм ауылдық округіне қарасты Қарашоқат стансасының Қарашоқат ЖОББМ ғимаратында сағат 15-00-де жергілікті қоғамдастық жиналысы өтті. Күн тәртібіндегі мәселе қайталанған «Теміржолшылар», «Достық» көшелерінің атауларын өзгерту. Жиналыс ашық дауыс берумен қорытындыланып, нәтижесінде «Достық» көшесін «Спандияр Көбеев», «Теміржолшылар» көшесін «Атақоныс» деп өзгерту жөнінде шешім қабылданды.
Ағымдағы жылдың 12 қазан күні Кішіқұм ауылдық округіне қарасты Шоқысу стансасының Шоқысу ЖОББМ ғимаратында сағат 10-00-де жергілікті қоғамдастық жиналысы өтті. Күн тәртібіндегі мәселе қайталанған «Теміржолшылар», «Сарбұлақ», «Толағай» көшелерінің атауларын өзгерту. Жиналыс ашық дауыс берумен қорытындыланып, нәтижесінде қайталанған «Теміржолшылар» көшесін «Жерұйық», «Сарбұлақ» көшесін «Құлагер», «Толағай» көшесін «Сарыжайлау» деп өзгерту жөнінде шешім қабылданды.
«Кішіқұм ауылдық округі әкімі аппараты» ММ