Хабарландыру

Ағымдағы жылдың 09 қазанында Қауылжыр ауылдық округі, Қайдауыл елді мекеніндегі «ШЧ-8 жол дистанциясы» ғимаратында жергілікті қоғамдастық жиналысы өтті. Күн тәртібіндегі мәселе Қайдауыл стансасындағы Татыр көшесінің атауы қайталануына байланысты «Әлихан Бөкейхан» көшесі атауына өзгерту болды. Жиналыс ашық дауыс берумен қорытындыланып, нәтижесінде көше атауын «Әлихан Бөкейхан» атауына өзгерту туралы шешім қабылданды.
«Қауылжыр ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ