Хабарлама

«Шалқар аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен 2016 жыл 16 ақпан күні салауатты өмір салтын қалыптастыру Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және Кеңес әскерінің Ауғаныстан жерінен шығарылуына 27 жыл толуына орай спорт ардагерлері арасында волейболдан жарыс өткізілді.
Жарысқа Шалқар қаласынан және ауылдық елді мекендерден 4 команда қатысты, жарыс өте тартысты, қызықты болып өтті.
Жарыстың ашылу салтанатында «Шалқар аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Бұхарбаев Қамбар және Шалқар аудандық Ауған соғысы ардагерлерінің төрағасы Пірімжан Ынтаұлы Төлегенов сөз сөйлеп ардагер спортшыларға сәттілік тіледі. Жарыс өз мәресіне жетіп, жүлделі бірінші орынды және кубокты «Ұстаз» командасы иеленді. Жүлделі екінші орынды «Бірлік» командасы иеленді, Жүлделі үшінші орынды «Қауылжыр» командасы және Үздік ойын өрнегін көрсеткені үшін «Ардагер» командасы иеленіп, дипломдармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Жарыстың өтуіне ат салысып жүрген бас төреші Агротехникалық колледж мұғалімі Құлтасбаев Мұхтар және Қазанбаев Сұлтанғали № 4 мектеп дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Игіліков Мейрамбекке алғысымыз шексіз.
«Шалқар аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ бас маман Н.Шойгарин